369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үкіметте салықтың жаңа түрі талқыланды

  • 212
  • UPD: 21:58, 10.07.2018

Үкіметте талқыланып жатқан салықтың жаңа түрі бейресми жұмыспен қамтылғандарды «көлеңкеден» шығармақ.

Бірыңғай жиынтық төлемі өзін-өзі еңбекпен қамтып жүргендердің қызметін заңдастыруға арналған. Бүгінде осыған қатысты тиісті заң жобасы әзірленіп, бұл құжат қыркүйек айында Мәжіліс депутаттарының қарауына түседі. Жаңа режимнің артықшылығы сол, жаңа салықтың көлемі төмен болмақ. Дәлірек айтқанда, бұл сома – қаладағы салық төлеушілер үшін 1 айлық есептік көрсеткіш, яғни 2405 теңгеден, ал ауылдағы ағайын үшін 722 теңгеден аспайды. Айта кету керек, монотакс енгізілсе, қысқа мерзімнің ішінде «көлеңкеде» жүрген 1 млн 400 мың кәсіпкердің 500 мыңы ресми тіркелмек.

Нұржан Әлтаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:

– Әр азамат кәсіпкерлікпен айналысатын болса, сол салықты төлеу керек. Бірақ біздің ұсынысымыз – салықтың жеңілдетілген түрі. Яғни бірыңғай жиынтық төлемі. Біздегі мәлімет бойынша, қазір Қазақстанда 1 млн 400 мың азамат тіркелмей, жұмыс істеп жатыр. Оның жартысы – кәсіпкерлер, қалған жартысы – еңбек шартысыз жұмыс істеп жүрген азаматтар.

Осы категория бойынша: « «Азияның медиа диалогы» форумы: Радио жұмысын жандандыруға айрықша басымдық берілді Оралдағы автокөлік иелері үшін ашылған ХҚКО-да қызмет сапасы артып келеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы