365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралдағы автокөлік иелері үшін ашылған ХҚКО-да қызмет сапасы артып келеді

  • 170
  • UPD: 22:00, 10.07.2018

Оралдағы автокөлік иелері үшін ашылған мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына күніне 600-ден астам адам келеді.

Бүгінге дейін 8 мыңдай тұрғынға қызмет көрсеткен. Өңір жұртшылығы осы жерден автокөлікті тіркеу мен қайта тіркеу, жүргізуші куәлігін алу, айыппұлдарды өтеу және көлік салығын төлеу секілді қызметтерді жедел пайдалана алады. Бұған аймаққа жұмыс сапарымен келген Мәжіліс депутаттары да көз жеткізді. Жалпы аумағы 2 жарым мың шаршы метр болатын орталықта 37 маман жұмыс істейді. Сонымен қатар жүргізуші куәлігін алар кездегі комиссиядан да осы жерде өтуге мүмкіндік бар. Орталықтың көмегімен жылына 70 мыңдай автокөлік иелеріне қызмет көрсетіледі.

Снежанна Имашева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Халыққа қызмет көрсету орталығында электрондық қызмет көрсету сапасы жақсы. Электрондық кезек бар. Осының барлығы халыққа жасалған.

Осы категория бойынша: « Үкіметте салықтың жаңа түрі талқыланды «Азияның медиа диалогы» форумы: Балаларға арналған бағдарламалар деңгейі сөз болды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы