367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Азияның медиа диалогы» форумы: Балаларға арналған бағдарламалар деңгейі сөз болды

  • 285
«Азияның медиа диалогы» форумы: Балаларға арналған бағдарламалар деңгейі сөз болды

Отандық және шетелдік мамандар радио саласындағы контент сапасын жақсарту мәселесін талқыға салды.

Әсіресе, балалар мен жасөспірімдерге арналған бағдарламалардың деңгейін көтеру жайына ерекше назар аударылды. «Азияның медиа диалогы» форумы барысында өткен семинарда әр елдің бүлдіршіндерге ұсынатын жобалары зерттеліп, тиімді әрі кемшін тұстары сараланды. Жиынға Азия – Тынық мұхиты хабар тарату одағына мүше мемлекеттердің жетекші ақпарат құралдарының басшылары, Жерорта теңізі хабар тарату одағы мен Үндістан радиосының өкілдері қатысты.

Айбол Арынғазинов, «Қазмедиа орталығы» БК» бөлім басшысы:

– Қазіргі таңда ұзақ мерзімдік кезеңде Азия құрылығында радио маңызы жойылмайды. Осы себептен де радио мәселелеріне егемендік алғалы бірінші рет осындай форматтағы іс-шара өтіп отыр. Осы шаралардың барысында жаңа бір келісімдерге, меморандумдарға қол қою күтіліп отыр. Бұл біздің елімізге жаңа хабарлар жасауға мүмкіндік береді, екіншіден контент алмасуға байланысты іс-шараларды жүргізуге мүмкіндік береді.

Ольга Буяр, семинар ұйымдастырушысы:

– Біз Орталық Азияға алғашқы рет келіп тұрмыз. Басты мақсатымыз – әріптестерімізбен тәжірибе алмасып, ой бөлісу. Радио саласындағы шешімін таппаған мәселелерді көтеріп отырмыз. Осылайша, контент сапасын жақсартып, заманауи жобаларды жүзеге асыруға тырысамыз. Алдағы күндері де саланы дамыту жолдарын талқылайтын боламыз.

Осы категория бойынша: « Оралдағы автокөлік иелері үшін ашылған ХҚКО-да қызмет сапасы артып келеді Алматыда жеңіл рельсті қоғамдық көлік іске қосылады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы