367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда жеңіл рельсті қоғамдық көлік іске қосылады

  • 281
  • UPD: 23:16, 10.07.2018

Алматыда экологиялық таза қоғамдық көлік қатынайтын болады.

Күніне 62 мың жолаушы тасымалдайтын жеңіл рельсті бағдар 2020 жылы іске қосылады. Жоба авторларының айтуынша, мемлекет пен жеке әріптес компания арасында шығынды теңдей көтеретін болып, яғни құрылысқа 130 млрд теңге жұмсау жөнінде келісімшарт жасалды. Заманауи трамвай желісі Алматы көшелеріндегі бұрынғы рельсті көлік дәлізі арқылы жүргізіледі. Жаңа бағдар Алматы арена мен Саяхат автобекетінің арасындағы 22,7 шақырым жолды жалғайды. Экологиялық таза көлік электр қуатымен және аккумулятормен қозғалады. Мамандар егер жүрдек техника іске қосылса, Алматыдағы кептеліс мәселесі шешіледі деген сенімде. 

Ғани Тәжиев, қалалық «ЖРК»  жобасының атқарушы директоры:

– Жеңіл рельстегі көлік жобамыз бойынша 3 секциядан тұрады. 210 адам сияды.

Осы категория бойынша: « «Азияның медиа диалогы» форумы: Балаларға арналған бағдарламалар деңгейі сөз болды Алғаш рет мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған интернет-радио ашылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы