368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алғаш рет мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған интернет-радио ашылды

  • 268
  • UPD: 23:27, 10.07.2018

Елімізде алғаш рет мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған интернет-радио ашылды.

Әлеуметтік жобаға Тұңғыш Президент қоры қолдау көрсетіп отыр. Ерекшелігі, радиода тек кембағал жандар ғана қызмет етеді. Олар мүмкіндігі шектеулі жандарға құқықтық кеңес беріп, методикалық хабарлар дайындайды. Одан бөлек, білімін шыңдап, жұмысқа қабілеттіліктерін арттырады. Әзірге әлеуметтік радиода 8 адам жұмыс істейді. Алғашқы хабарларын алдағы күзде тарата бастамақ. Ізінше, мобильді қосымша әзірлеп, іске қосу жоспарланған.

Сәуле Алпысова, қоғамдық қор директоры:

– Біз журналистерді тікелей эфирге дайындап жатырмыз. Оларға елімізге танымал кәсіби тілшілер көмектесуде. Алдағы күзде тікелей эфирде хабар таратып, қоғаммен кері байланыс орнатамыз деп отырмыз. Мүгедектер өздерін мазалаған сауалдарын студияға шақырылған мамандарға қойып, тұшымды жауап алатын болады.

Жазира Мүлкібаева, әлеуметтік радио журналисі:

– Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қиындықтары көп. Сондықтан радионы ашқан себебіміз – барлық қиыншылықтарды жеңу. Бастысы – құқық бағдарламасын ашу. Өйткені көп адамдар өздерінің құқықтарын білмейді.

Осы категория бойынша: « Алматыда жеңіл рельсті қоғамдық көлік іске қосылады Түркістан облысында 25 адамды қарақұрт шаққан »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы