374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында 25 адамды қарақұрт шаққан

  • 388
  • UPD: 09:35, 11.07.2018

Аптап ыстықта Түркістан облысында 25 адам қарақұрт, тағы 5 адам жылан шағып ауруханаға түскен.

«Дер кезінде көмек көрсетілгендіктен қайғылы жағдай тіркелген жоқ», – дейді дәрігерлер. Қазір олардың 10-ы аймақтық гипербарикалық оксигенизация орталығында емделіп жатыр. Мамандардың айтуынша, қатты ыстықта қарақұрт өте қауіпті келеді. Улы жәндік шаққан адамның 10-15 минуттан кейін іші мен кеудесі қатты ауырады. Аяқтарының жаны кетіп, құрысып қалады. Басы айналып, құсқысы келеді. Дер кезінде көмек көрсетілмесе, ересек адам 7 күннен кейін, ал балалар 5 күнде өліп кетуі мүмкін. «Сондықтан табиғат аясына шыққанда, өте мұқият болу керек», – дейді дәрігерлер.

Асылхан Мыңбосынов, облыстық жоғарғы қысымды оттегімен емдеу орталығының бөлім меңгерушісі:

- Жас балалар болды. Қазір жансақтау бөлімінде бүгін таңғы сағат 5-те түскен бір науқасымыз бар. 6 жасар қыз бала. Жағдайының ауырлығына байланысты жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Жүкті әйелдер болған жоқ. Кішкентай балалар болды.

Осы категория бойынша: « Алғаш рет мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған интернет-радио ашылды Қостанай облысында өрт қаупі жоғары »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы