374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында өрт қаупі жоғары

  • 185
  • UPD: 07:27, 11.07.2018
Қостанай облысында өрт қаупі жоғары

Қостанай облысындағы 11 орман шаруашылығында төртінші дәрежелі өрт қаупі жарияланды.

Өңірдегі аптап ыстық әрі құрғақ ауа райы осындай қадамға баруға итермелеп отыр. 2017 жылмен салыстырғанда биыл орман өрті екі жарым есеге өскен. Жыл басынан бері отыздан астам осындай оқиға тіркелген. Негізгі себеп – адамдардың бейқамдығы. Ең ірі өрт Михайлов орман шаруашылығында болды. Ол жерде 900 гектардан астам алқап отқа оранған. Өрт қаупінің жоғары деңгейі жарияланғандықтан, қазір облыста оның алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр. 

Азамат Орымбаев, облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

- Бірінші кезекте, орман алқаптарына бару шектеледі. Қосымша бекеттер қойылады. Облыста ондай тәжірибе бұрыннан бар. Өрт қаупі жоғары кезенде арнайы техникалар орман жиектерінде тұрады. Бұл тез жетіп, тілсіз жаудың алдын орауға мүмкіндік береді.

Осы категория бойынша: « Түркістан облысында 25 адамды қарақұрт шаққан ШҚО-да жағажайдағы өртті кеме сөндіреді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы