364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында 76 дәрігердің орны бос тұр

  • 267
  • UPD: 07:41, 11.07.2018
Ақтөбе облысында 76 дәрігердің орны бос тұр

Биыл ауыл-аудандарды медицина қызметкерімен қамтамасыз ету 4 пайызға өскеннің өзінде кадр тапшылығы бар.

Қазіргі таңда 10 мың тұрғынға шаққанда 33 дәрігер қызмет етіп жатыр. Яғни республика бойынша төртінші орында тұр. Өңірдегі маман тапшылығын жою мақсатында денсаулық сақтау басқармасы мен өңірдегі медицина университеті арасында келісімшарт жасалған. Одан бөлек әр аудан «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жас маманға жағдай жасауы тиіс. Яғни жергілікті билік ынталандыру шараларын ұйымдастыру арқылы ауыл емханаларына маман тартады. Өткен жылы аудандар мен қалада дәрігерлерге 16 пәтер берілген. Жалпы өңірде 4 мың 800 дәрігер мен 7 мың 600 орта медицина қызметкері бар.

Гүлбаршын Есенбаева, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:

- Аудандарға дәрігерлерді жұмысқа орналастырып отырамыз. Анестезиолог дәрігер жетіспейді. Педиатр, терапевт, акушер-гинеколог дәрігерлер жетіспейді. Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл 142 жас дәрігер аудан, елді мекендерге жұмысқа орналасуға ниет білдіріп отыр.

Осы категория бойынша: « ШҚО-да жағажайдағы өртті кеме сөндіреді Маңғыстау облысынан көрші мемлекеттерге жаңа автожол ашылады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы