365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайлық полицейлер 9 келі есірткі затын тәркіледі

  • 321
  • UPD: 10:39, 11.07.2018
Қостанайлық полицейлер 9 келі есірткі затын тәркіледі

Қостанайлық тәртіп сақшылары есірткіге қатысты 84 заңбұзушылық фактісін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ІІД есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлер 1 маусымнан бастап «Көкнәр» тазалық операциясын жүргізді. Нәтижесінде есірткіге қатысты 84 заңбұзушылық фактісі анықталды. «Полицейлер 4 шілде күні Қостанай ауданында «ВАЗ-2114» маркалы автокөлігін тоқтатты. Көлікті тексеру кезінде 2 келі марихуана табылып, 44 жастағы қала тұрғыны қамауға алынды. Дәл осындай факт Рудный қаласында тіркелді. «ВАЗ-2112» автокөлігінде отырған 22 жастағы жолаушыдан 2 грамм героин тәркіленді. Ол есірткіні темекі қорабының ішіне жасырған», – деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь. Бүгінге дейін «Көкнәр» операциясы аясында 9 келі есірткі заттары тәркіленген. Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 296-бабымен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Осы категория бойынша: « Тұрғын үй құрылысына 500 млрд теңгеден астам инвестиция салынды Астанада «Азия радиосы» тақырыбымен халықаралық конференция өтуде »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы