369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде соңғы бес айда 3 млн адам әуе тасымалы қызметін пайдаланған

  • 151
  • UPD: 11:48, 11.07.2018
Елімізде соңғы бес айда 3 млн адам әуе тасымалы қызметін пайдаланған kakzachem.ru

Биыл Қазақстанның азаматтық авиациясында жолаушылар тасымалының жоғары өсу қарқыны сақталуда.

Бұл туралы «ҚазАқпарат» Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. «Мәселен, 2018 жылдың 5 айы ішінде тасымалданған жолаушылар саны 3 млн адамды құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12%-ға (2,5 млн адам) артық. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының әуежайлары биылғы 6 айда 6,5 млн адамға қызмет көрсетті. Бұл көрсеткіште өткен жылғы сандардан 12%-ға артып отыр», – делінген Комитетің Facebook-тегі парақшасында. Сондай-ақ 2017 жылы Қазақстанның азаматтық авиация саласында тасымалданған жолаушылар саны 7,4 млн құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 23%-ға артып, рекордтық көрсеткішке жеткен.

«Биыл әуе компаниялар тасымалдаған транзиттік жолаушылар санының өсуі де байқалады. 2018 жылдың бірінші жартысында өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда бұл сегменттегі өсу қарқыны 30%-ды (400 мың адам) құрады», – дейді комитеттен.

Осы категория бойынша: « Астанада «Азия радиосы» тақырыбымен халықаралық конференция өтуде ҚР СІМ: Асылбек Мусиннің өліміне қатысты іс жабылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы