364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейдегі Биоорталыққа Қызыл кітапқа енген жануарлар әкелінді

  • 394
  • UPD: 15:20, 11.07.2018
Семейдегі Биоорталыққа Қызыл кітапқа енген жануарлар әкелінді

Семей қаласының Балалар биологиялық орталығы Қызыл кітапқа енген жануарлармен толықты.

Орталыққа Алматы зообағынан Ява макакасы мен екі үнді жайраны жеткізілген. Қазір жануарлар жаңа орынға бейімделіп жатыр. Женя есімді макакаға жаздық алаң берілді, ал жайрандар борсықтармен көршілес орналасты. Бүгінгі таңда биоорталықта 100-ден астам жануардың түрі бар, соның ішінде 14-і Қызыл кітапқа енген.   

Ләззат Жүнісова, ұйымдастыру бөлімінің әдіскері:

- Бүгінгі таңда біздің жануарлар, яғни үнді жайраны мен Ява макалалары жақсы бейімделіп жатыр. Басында қорқыныш болғанымен, қазіргі кезде олар өздерін жақсы сезінеді. Оны біз оқушылармен, өзіміздің жас натуралистермен фенологиялық бақылау кезінде байқадық. Валергиялар еркін түрде шығады. Тамақтануы бойынша да олар еркін түрде тамақтана алады.

Осы категория бойынша: « Мамандар: Радио жұмысын жандандыру керек Мемлекеттік саясатты қолдау үшін ISO стандарттары енгізіледі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы