365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да оқыс оқиғаларды болдырмау мақсатында құтқарушыларға еріктілер көмектесуде

  • 182
  • UPD: 18:34, 11.07.2018

Шомылу маусымы басталғалы Батыс Қазақстан облысында екі адам суға кеткен.

Қайғылы оқиғаларды болдырмау мақсатында құтқарушыларға еріктілер көмекке келді. Студент жастар жазғы демалыстарын қоғамға пайдалы іспен ұштастырмақ. Олар әр күн сайын түс ауғаннан кешке дейін Жайық және Шаған өзендерінің жағасындағы тұрғындар көп шомылатын жерлерді аралап, суға түсу қауіпсіздігі жайлы насихат жүргізеді. Ата-ананың қарауынсыз жүрген балаларды анықтап, үйлеріне қайтарады. Өзен жағалауында алкогольді ішімдік тұтынғандар жайлы жергілікті полиция қызметіне хабар береді. Бүгінде 15 ерікті болса, келешекте олардың саны 35-ке жетпек.

Айжан Талапқалиева, ерікті:

– Әртүрлі жағдайлар болады. Кейде балалар ата-аналарына айтпай, өздері келеді. Ересектердің өзі бізді тыңдамай жатады.

Аягөз Қожамбаева, облыстық ТЖД жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы:

– Ең басты атқаратын қызметтің бірі – шұғыл әрекет ету. Жабдықталмаған орындар көп. Сол орындарға мүмкіндігінше еріктілерді жіберіп жатырмыз.

Осы категория бойынша: « Астанада жалған медициналық анықтама жасауды бизнес көзіне айналдырған топ ұсталды Түркістан облысында туризм саласына жаңа VR технологиясы енгізілуде »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы