365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында туризм саласына жаңа VR технологиясы енгізілуде

  • 558
  • UPD: 23:14, 11.07.2018

Түркістан облысында туризмге виртуалды шындық технологиясы енгізілуде.

Бұл жаңашылдық туристерге Шымкент қаласында орналасқан туризм орталығынан шықпай-ақ, іс жүзінде облыстың бүкіл әлеуетін көруге мүмкіндік береді. Олар осы VR көзілдірігінің көмегімен алдын ала өздері баратын бағытты біле алады. Өңірге келген шетелдік меймандар әуелі ең танымал туристік нысандардың  виртуалды турларына баруға мүмкіндік алады. Мұндағы 360 градустық режимдегі бейнелер қазіргі уақыттағы Алатау тау шаңғы курортында, Ақ мешіт үңгірінде және Ахмет Яссауидің кесенесінде түсірілген. Туризмге жауапты мамандар пікірінше, жылдың аяғына дейін Сарыағаш ауданының курорттық нысандары, Ақсу-Жабағылы мен Сайрам-Өгем қорықтарының 3D форматындағы бейнелері түсіріледі. Айта кетейік, өткен жылы Шымкент қаласы мен Түркістан облысына жақын және алыс шет елдерден 22 мыңнан астам шетелдік туристер сапарлап келген. Ал жалпы өңірге табан тіреген шетелдіктерге 190 қонақүй, 44 санаторий, 61 демалыс орны және 104 туристік компания қызмет ұсынады.

Грегори Киплинг, турист /Канада/

– Мен VR қосымшаларын жақсы көремін. Шымкентке келгенімде, осы технологиялардың қолданылатынын көрдім. Бейне өте шынайы, ежелгі қаланың атмосферасын сезіндірді. Мен сонда жүргендей әсер алдым. Дәл қазір Түркістанға сапарлауды ойлап тұрмын. Ал мұндай технология сіздің елге келетін туристер үшін ыңғайлы.

Осы категория бойынша: « БҚО-да оқыс оқиғаларды болдырмау мақсатында құтқарушыларға еріктілер көмектесуде Щучинск қаласында ашылған шаңғы базасы жылдың төрт мезгілінде де жұмыс істейді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы