365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәжіліс депутаттары Павлодардағы алюминий зауытына барды

  • 274
  • UPD: 10:14, 12.07.2018

Заманауи цифрлық технологияларды енгізген кәсіпкерлердің шығындары мемлекет тарапынан субсидияланады.

Қазіргі таңда заң жүзінде өнеркәсіптік секторды цифрландыру бойынша ынтыландыру мақсатында 12 пилоттық жоба әзірленуде. Бұл мәселелерді алюминий зауытында болған Мәжіліс депутаттары кеңінен талқылады. Халық қалаулылары шикізат даярлау, дайын өнімдер және гидрометаллургия  цехтарының өндірістік үрдістерімен танысты. Сонымен қатар зауыттағы цифрландыру бағытында атқарылған істерге көз жеткізіп, жұмыскерлерді әлеуметтік қолдау мәселелерін де талқылады. Мәжілісмендердің пікірінше, үлкен зауыттардың маңында шағын бизнесті дамыту қажет.

Айта кетейік, осы жылдың 6 айында алюминий зауытында 2 жарым мың  тоннаға жуық боксит, 1 млн тоннадан астам әктас пен 750 мың тонна глинозём өндірілді.

Мейрам Пшембаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Цифрландыру мәселелері де қолға алынып жатыр. Және диспетчерлік орталықта болды. Технологиялық професстерді автоматтандыру және жаңа технологияларды енгізудің арқасында сапасын жақсарту. Содан кейін экспорттқа бағыттау. Осының бәрі осы зауытта бар, міне. Әрі қара даму үшін бұл зауыттың келешегі мол деп білеміз. Өйткені 6 мыңнан астам адам осы зауытта істейді.

Альберт  Рау, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-  Бүгінгі таңда заңды тұрғыда дайындық бар. Өңірлерде цифрландыру бойынша 12 пилоттық жоба жүзеге асырылады деп жоспарланған. Өндіріс ошақтарына жобаларды әзірлеу, құжаттарды ресімдеу бойынша қолдау көрсетіледі. Болашақта зауыттардың бұл бағыттағы шығындарының 50 пайызға дейін субсидияланады деп күтілуде.

Осы категория бойынша: « Швейцария елімізбен бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі Елордада «Медиа 2020» конференциясы басталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы