365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауыл шаруашылығына қатысты бірқатар заңнамаға өзгеріс енгізілуі мүмкін

  • 570
  • UPD: 12:30, 12.07.2018
Ауыл шаруашылығына қатысты бірқатар заңнамаға өзгеріс енгізілуі мүмкін

Елімізде ауыл шаруашылығына қатысты бірқатар заңнамаларға өзгеріс енгізілуі мүмкін.

Осы арқылы тек ет өнімдерін ғана емес, өндірілген сүтті өңдеу мәселесі де мықтап қолға алынбақ. Ол үшін ірі сүт өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен тұрақты түрде қамтамасыз ету керек. Бұл бағытта шағын фермалардың санын үш есе арттыру көзделіп отыр. Осы мақсатта Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген Парламент Мәжілісінің депутаты  Қожахан Жаба-ғиев өңірдегі өндіріс орындарын аралап, кәсіпкерлердің түйткілді мәселесін тыңдады. Мәселен, Жуалы ауданындағы «Бурное сүт компаниясы» бүгінде жалпы қуаттылығының жартысын ғана пайдаланып отыр. Өткен жылы 600 тонна ірімшік, 96 тонна сары май өндірілген. 9 миллион литр сүт қабылдапты. Сапалы өнімге сұраныс жоғары. Биыл осы көрсеткішті 10 пайызға көтеруді жоспарлап отыр. Алайда компанияның толық қуатпен жұмыс істеуіне кедергі көп. Сүт өткізетін жеке тұрғындар кәсіпорынды шикізатпен тұрақты қамтамасыз ете алмайды. Өйткені нарық бағасына қарай олар өнімін қайда өткізетіндерін өздері шешеді. Іргесі 70 жыл бұрын қаланған ғимараттар ескірген. Қондырғылар мен тарифтің қымбаттығы да өндіріс орнының қуатын толық пайлануға мүмкіндік бермей отыр.

Қожахан Жабағиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Осындай үлкен өндірістің жанында сол фермалардың бір-бірімен байланысы, ұзақ уақытқа келісім-шарты болуы керек. Себебі сыртта да, іште де сұраныс көп. Осы көтерілген проблемаларды оның заңнамалық қандай жолмен іздеу туралы мен ұсыныстарымды қорытындылап, заңға енгізуге күш саламын.

Осы категория бойынша: « Қостанай облысының тұрғындары «7-20-25» бағдарламасымен несие алуды бастады Семейдегі биоорталыққа жануарлар әкелінді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы