374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейдегі биоорталыққа жануарлар әкелінді

  • 244
  • UPD: 13:20, 12.07.2018

Семей қаласының Балалар биологиялық орталығы Қызыл кітапқа енген жануарлармен толықты.

Орталыққа Алматы зообағынан ява макакасы мен екі үнді жайраны жеткізілген.  Қазір жануарлар жаңа орынға бейімделіп жатыр. Женя есімді макакаға жаздық алаң берілді, ал жайрандар борсықтармен көршілес орналасты. Бүгінгі таңда, биоорталықта 100-ден астам жануарлардың түрі бар соның ішінде 14-і Қызыл кітапқа енген.               

Жүнісова Ләззат, ұйымдастыру бөлімінің әдіскері:

- Бүгінгі таңда біздің жануарлар, яғни үнді жайраны мен ява макалалары қазіргі күні жақсы адаптацияны жүріп жатыр. Басында, яғни қорқыныш, әртүрлі стрестар болғанымен қазіргі кезде олар өздерін жақсы сезінеді. Оны біз оқушылармен, өзіміздің жас натуралистермен фенологиялық бақылау кезінде байқадық. Валергиялар еркін түрде шығады. Тамақтануы бойынша да олар еркін түрде тамақтана алады.

Осы категория бойынша: « Ауыл шаруашылығына қатысты бірқатар заңнамаға өзгеріс енгізілуі мүмкін Media 2020: Еуропа-Азия байланысын нығайту мәселесі талқыланды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы