365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәжіліс депутаты «Қазтехнология» Акционерлік қоғамының өкілдерімен кездесті

  • 215
  • UPD: 14:02, 12.07.2018
Мәжіліс депутаты «Қазтехнология» Акционерлік қоғамының өкілдерімен кездесті

Парламент Мәжілісінің депутаты Павел Казанцев «Қазтехнология» Акционерлік қоғамының өкілдерімен кездесті.

Басқосуда  қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің қазіргі жағдайы мен алдағы даму барысы сөз болды. Сала мамандары  ғылыми жобаларға қолдау көрсетіліп, жеке компанияларды тарту жұмыстарын жандандыру қажет деп санайды. Айта кетейік, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі туралы заң жобасы төменгі палатаның қарауында жатыр. Жалпы «Қазтехнология»  оқдәріні жоюмен айналысады. Кездесуде бұл мәселе де тыс қалған жоқ. Заңға бұған қатысты да қажетті түзетулер енгізу жоспарда бар. Оны Парламенттің келесі сессиясында қарайтын болады.

Павел Казанцев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бұл өте маңызды мәселелер. Өйткені бұл салада үлкен өзгерістер бар. Бізге серпінді технологиялар, жаңа идеялар қажет. Осыны жүзеге асыруға не кедергі келтіреді. Заңға қандай толықтырулар керек? Осы мәселелерді жақыннан танысып білу мақсатында  компания өкілдерімен кездестік.

Осы категория бойынша: « Media 2020: Еуропа-Азия байланысын нығайту мәселесі талқыланды ШҚО-ның Глубокое ауданындағы халық жергілікті цех жұмысына қарсы болып отыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы