364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Media 2020» конференциясында жалған ақпаратпен күрес мәселесі талқыға түсті

  • 224
  • UPD: 16:16, 12.07.2018

Астанада «Media 2020» халықаралық конференциясы өтіп жатыр. Жиында Еуропа мен Азия арасындағы байланысты нығайту жайы талқыға түсті.

Шараның алғашқы сессиясы Медиа диалог. Оған«Орталық Азияға назар аудару» тақырыбы арқау болды. Оған қос құрлықтың ең ірі медиа компаниялардың басшылары қатысып, пікір алмасты. Жиын барысында фейк, яғни жалған ақпарат таратумен күрес жайы да сөз болды. Шетелдік сарапшылар дәстүрлі емес, БАҚ өкілдеріне сенетін аудиторияның саны көп екенін айтты. Франц медиамун компаниясының халықаралық қатынастары бойынша директоры Джон Макуайер бұл проблема  медиа нарықтың жекешелендірілуінің салдарынан дейді. Түйіткілдің түйінін тарқату  үшін жұмыла жұмыс істеп, БАҚ-тың халық алдындағы  сенімін арттыра түсу қажеттігі  айтылды. 

 Фейяз Шехрияр, Үндістан радиосының бас директоры:

- Батыс пен Шығыс арасында  айтарлықтай айырмашылық  бар. Батыстың жетекші ақпарат құралдары  Шығыс елдерінде болып жатқан оқиғаларды халыққа объективті түрде жеткізбейді. Олар тарататын ақпарат көбіне ресми дерек көздерінен алынбаса керек. Сол себепті қос құрлық өкілдері арасында осындай диалогтың болғандығы өте маңызды.

Осы категория бойынша: « Ақпанда қияр еккен Оралдағы жылыжай сәуірде өнім жинады «Media 2020» конференциясында сарапшылар зерттеу нәтижесімен бөлісті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы