374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда екі сауда үйі уақытша жабылды

  • 223
  • UPD: 19:35, 12.07.2018

Орал қаласында өрт қауіпсіздігі қағидаларын өрескел бұзғаны үшін бір сауда үйі – 60, екіншісі 90 күнге жабылды.

Құрылыс материалдары мен азық-түлік сататын тағы екі базарға қатысты осындай шешім қабылдануы мүмкін. Олардың ісі сотта қаралып жатыр. Ал 5 кәсіпкерлік нысанға сот шешімі бойынша 1 миллион 100 мың теңгеден аса айыппұл салынды. Жалпы алғанда сәуір-мамыр айларында облыста 56 сауда нысаны мен көпшілік көңіл көтеру орындары тексерілген болатын. Анықталған кемшіліктерді жоюға берілген уақыт аяқталған соң, қайта тексерістер жүргізіле бастады.

Ерлан Төрегелдиев, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысы: 

- Жиі кездесетін кемшіліктер – өрт кезінде далаға шығу жолдарын жауып тастау, өрт автоматикасының жұмыс жасамауы, дабылқаққыштардың жарамсыздығы. Осы олқылықтардың қалай жойылғанын қазір қарап жатырмыз. Тексеріс кезінде байқағанымыз, көпшілігі өздерінде өрт болмастай көреді, қауіпсіздік қағидаларына немқұрайлы қарайды. Алайда оның терістігін өмір көрсетуде. Сондықтан өзгенің қателігінен сабақ алған абзал.

Осы категория бойынша: « Еліміздің 5 облысында жемқорлық фактілері тіркелді Сарапшылар: Баланың ақпараттық сауаттылығын арттырған жөн »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы