368,46 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде көше атаулары өзгереді

  • 347
  • UPD: 19:34, 12.07.2018
Өскеменде көше атаулары өзгереді

Өскеменде 700 көше болса, соның тек 20 пайызы қазақша.

Қалғандары ешбір тәрбиелік мәні жоқ белгісіз атаулармен тұр. Енді тіл жанашырлары мен қоғам белсенділері осы олқылықты түзеуге кірісті. Олар қоғамдық тыңдау өткізіп, 20-дан астам көше атауына байланысты өз ұсыныстарын жеткізді. Ақылдаса келе бұл бастамалар көпшілік қолдауына ие болды. Осылайша Ворошилов көшесі Шәкәрім даңғылы болып өзгереді. Ал бастапқыда Киров, содан соң Жастар аталған қаланың қақ ортасындағы саябаққа Қасым Қайсенов есімі беріледі. Жаңадан бой көтерген даңғыл Әл-Фараби деп өзгерді. Өзге ұлттан шыққан зиялылар да ұмтылмады. Мысалы, Питер коммунарлары енді Лев Толстой көшесі аталады. Ал Қоғамдық тыңдау нәтижесінің қаулысы республикалық онамастикалық комиссия қарауына жолданады.

Александр Федотов, теміржолшы:

- Қазақтың батырлары ұмытылып бара жатыр. Оны қазіргі жастар біле бермейді. Кімнің қандай болғаны, кімнің қандай дәрежеге жеткенін. Сол себепті қазақтың батырларына сай көшені қойсақ, кейін жастарымыз ойлайды «мынау мынадай батыр екен ғой» деп, ашып қарайды және де сол себепті сол көшелерге сай болуы керек деп ойлаймын.

Осы категория бойынша: « Сарапшылар: Баланың ақпараттық сауаттылығын арттырған жөн Депутаттар Ақмола облысының зауыт қызметкерлерімен кездесті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы