365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәжілісмендер Ұлттық ұлан сарбаздарына Астананың құрылу тарихын айтып берді

  • 205
  • UPD: 21:29, 12.07.2018
Мәжілісмендер Ұлттық ұлан сарбаздарына Астананың құрылу тарихын айтып берді

Мәжіліс депутаттары елордадағы Ұлттық ұланның сарбаздарымен кездесті.

Құрметті меймандар әскери қалашықтағы орталық музейге барып, 20 гектар аумақты алып жатқан нысандарды аралады. Ондағы ұрыс техникаларымен және қару-жарақ қорымен танысты. Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізген мәжілісмендер мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері бағдарлама қамтитын өзекті мәселелерді қозғады. Оның қатарында баспана алудың жаңа мүмкіндіктері, жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту, салық жүктемесін азайту, білім алудың қолжетімділігі, жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту, шағын несие беру және елді газбан қамтамасыз ету жұмыстары туралы сөз болды.

Бақытжан Ертаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қандай жағдайда тұрдық, білесіңдер. Жарық та жоқ кезболды, су да жоқ жағдай болды, қиыншылық көп болды. Бірақ осыған қарамай біздің еліміз, терең тарихы бар халық өзінің болашағын ойлап, артқа қарамай, алға басты. Міне, сондай жағдайда біздің Тұңғыш Президентіміз, Бас Қолбасшымыз еліне сеніп, ел оған сеніп, қала соқты. Бұл Астананы соқты. 1997 жылы жер айдала болатын.

Осы категория бойынша: « Қолы жоқ – орманы бар, өзі жоқ – арманы бар! Атырау облысында екі адам суға кетті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы