365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында екі адам суға кетті

  • 240
  • UPD: 22:11, 12.07.2018

Атырау облысында шілденің 10-11-і күндері екі адам суға кетті.

Оның бірі Қызылқоға ауданында тіркелсе, екінші оқыс жағдай қаланың қақ ортасындағы «Ретропарк» маңында тал түсте болған. Күннің күрт ысуына байланысты жанына сая іздегендер амалсыз өзен-көлдерді жағалайтыны белгілі. Судан құтқару қызметінің кешенді әркеттеріне қарамастан көп жағдайда қараусыз қалған жағажайлар адамдардың ажалына себеп болып отыр. Жалпы, жыл басынан бері мұнайлы өңірде 15 адам абайсызда ағын судың құрбаны болды. Оның 8-і бала.

Ербол Бірәлиев, «Батыс» өңірлік аэроұтқыр жасағы судан құтқару қызметі бөлімшесінің бастығы:

- Қазір біздің құтқарушыларымыз күшейтілген жүйеге шықты. Қайықтарымыз бар – төрт қайық. Жайық жағалауында күндізгі 2-ден-10-ға дейін суда жүріп, халыққа ескерту жұмыстарын жүргізеді. Оларға осы күнге дейін 91 айыппұл салынып отыр. Полициямен бірлесіп рейд шараларын жүргіземіз.

Осы категория бойынша: « Мәжілісмендер Ұлттық ұлан сарбаздарына Астананың құрылу тарихын айтып берді Қарқара жайлауында жұрт Қымызмұрындыққа жиылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы