368,46 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында туристік форум өтті

  • 240
  • UPD: 22:12, 12.07.2018

Халықаралық «Жезкиік» фестивалі аясында ұйымдастырылған ауқымды шараға еліміздің әр түкпірінен 60-қа жуық туристік компания өкілі қатысты.

Олар келешекте киелі мекенге келетін туристер санын 100 мыңға жеткізуді көздейді. Осы мақсатта әлемдік музыка кешін де ұйымдастырып отыр. Қазір дайындық жұмыстары қызу. Ертең қонақтар әлемнің 11 елінен шақырылған танымал әншілердің өнерін тамашалайды.

Ұлан-ғайыр қазақ даласының түп кіндігі саналатын қасиетті Ұлытау жеріне жыл сайын 12 мың турист келеді. «Бұл өте аз, алдағы 3-4 жылда жиһанкездер санын кемінде 100 мыңға жеткізуіміз керек», – дейді форумға қатысқандар. Ол үшін ең әуелі қызмет көрсету сапасын арттырып, инфрақұрылымды дамыту керек. Осы мақсатта келер жылы мұнда туристерді қабылдайтын үлкен орталық салынбақшы.

Алмас Айдаров, облыс әкімінің орынбасары:

- Жалпы құны 700 миллионнан астам. Ол – үлкен «Визит орталығы». 500 мың шаршы метрден астам құрылысы. Ол жақта туристер демалып, маршруттарды қарап, сол жақтан нысандарға баруға болады. Бірінші басталатын жері ғой. Өйткені қыр-далада шағын бизнес ондай үлкен нәрселерді сала алмайды.

«Жезкиік» фестивалін Ұлытау баурайында өткізудегі негізгі мақсат та осы киелі мекенді шетелге таныстыру, кеңінен насихаттау. Себебі музыка кешіне әлемнің 11 елінен 100-ге жуық өнерпаз қатысады. Тамашалауға келетін қонақтардың саны да шамамен 5 мыңға жетеді деп күтіліп отыр.

Нарине Григорян, «Жезкиік» фестивалін ұйымдастырушы:

- «Жезкиік» фестивалін Ұлытауда өткізу арқылы біз ішкі туризмді дамытамыз. Сондай-ақ шетелден келген қаншама қонақтар кейін өз елдерінде қазақтың қасиетті жерлерін насихаттап, сырттан келетін жиһанкездер саны да күрт артады деп күтіп отырмыз. Халықаралық ән кешін ұйымдастырудағы мақсатымыз да осы.

Халықаралық І «Жезкиік» фестивалі ертең басталады. Қазір дайындық шаралары қызу. Ұлытау жанынан этноауыл құрылған. Әр қиырдан жиналған өнерпаздар Арқа төсін әнге бөлейді.

Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Василий Савкин, Әсет Асайынов

Осы категория бойынша: « Қарқара жайлауында жұрт Қымызмұрындыққа жиылды Семейдегі ескі телеграф ғимараты құлауы мүмкін »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы