374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетауда күзде көмір бағасын негізсіз қымбаттатқандар жазаланды

  • 222
  • UPD: 09:43, 13.07.2018

Көкшетауда өткен күзде көмір бағасын негізсіз қымбаттатқан кәсіпкерлер жазаланды.

Судьялардың айтуынша, 5 ірі компанияға бас-аяғы 12 млн теңгеден астам айыппұл салынған. Одан бөлек, жеңіл жолмен тапқан 82 млн теңгеден астам монополиялық табыстарын мемлекетке қайтаруы тиіс. Тексеріс нәтижесіне сүйенсек, аталған көмір жеткізушілер былтыр тоннасы 10 мың теңгенің көмірін шамамен 13-14 мың  теңгеден сатқан. Мамандардың сөзіне сенсек, аталған серіктестіктер, Көкшетауға көмір әкелетін ең ірі компаниялар. Әрі олар бағаны қымбаттату жайлы өзара келісіп алған болуы да әбден мүмкін.

Марат Қуандықов, қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы:

- Халықтан түскен шағым бойынша тексерістер жүргізіп, жаңағы мекемеге қатысты хаттама толтырылған, әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 559-бабының 2-бөлімімен. Сол қазіргі кезде сотта толық қаралып, өз шешімдерін тапты.

Осы категория бойынша: « Жазаға кесілгендерді электронды білезікпен қамту жобасы жеке сектордың қолдауымен жүзеге асырылмақ ХІ Kaznergy Еуразиялық форумында энергия ресурстарын дамыту пысықталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы