369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда полицейлердің психологиялық релаксация кабинеті ашылды

  • 345
  • UPD: 09:58, 13.07.2018

Қалалық ішкі істер басқармасындағы тренинг бөлмесінде тәртіп сақшыларымен арнайы мамандар жұмыс істейді.

Олар түрлі ойындар ойнап, жаттығулар жасайды. Бұл құқық қорғау қызметкерлерінің қарым-қабілетін ашып, ой-өрісін дамытуға мүмкіндік береді. Психологтартардың көмегіне қатардағы қызметкерден бастап, басшыларға дейін жүгіне алады. Кабинетте жеке қабылдау да жүргізіледі. Онда полицейлер мазалаған мәселелерімен бөлісіп, кеңес ала алады. Мамандар қызмет кезінде өз-өзін қалай ұстау, адамдармен қалай сөйлесу керектігін де айтып береді. Босаңсу бөлмесі тәртіп сақшыларының моральдік-психологиялық жағдайын жақсартып, жұмыстарына оң әсер етеді. 

Жандос Мұқатов, қалалық ІІБ бастығы:

- Біздің жұмыс та өте ауыр. Сондықтан психологтардың көмегі бізге керек. Өйткені сотрудниктер қызмет жасағанда, тек қана жұмыс бабы емес, өзінің отбасылық жағдайлары болады. Оған да біз көмектесу керекпіз. Қандай жағдай болып қалды? Соны мәлімдеме жасап, топтарға бөліп. Болашақта мен ойлаймын қызметкерлерге оң нәтижесін береді деп ойым бар.

Осы категория бойынша: « Алматыда жұмыспен қамтушы жылжымалы орталық бос орын туралы ақпарат береді Колумбия билігі құрылысы бітпеген көпірді жарып жіберді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы