374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Колумбия билігі құрылысы бітпеген көпірді жарып жіберді

  • 168
  • UPD: 10:08, 13.07.2018
Колумбия билігі құрылысы бітпеген көпірді жарып жіберді

Аяқталмаған керме көпірді Колумбия билігі жарып жіберді.

Бұзу барысында шамамен 200 келі жарылғыш зат, 30 детонатор  қолданылды. Бұзу жұмыстарын 11 сарапшы қадағалады. Олардың пікірінше, көпірді құлату ойдағыдай өтті.

Айта кетейік, бұл керме көпір Богота мен Вилья-Висенсио тас жолын жалғауы тиіс болатын. Алайда 15 қаңтарда көпір аралығы морт сынып, 9 адам мерт болды. Колумбия билігі талқандалған көпірдің орнына жаңа көпір салу жолдарын қарастырып жатыр.

Виллиан Валенсия, инженер:

- Көптеген зерттеу жұмыстарын жүргізе келе, көпірдің нашар салынғаны анықталды. Жұмыскерлер металл қаңқасын жинау кезінде қателік жіберген. Соның салдарынан артық жүк түскен кез келген уақытта көпір құлар еді.

Осы категория бойынша: « Петропавлда полицейлердің психологиялық релаксация кабинеті ашылды Б.Сағынтаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы