364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада жемқорлыққа қарсы тың жоба іске қосылады

  • 374
  • UPD: 15:43, 13.07.2018

Мемлекеттік қызмет сапалы әрі қолжетімді болуы тиіс. Ал егер мемлекеттік қызметкер өз жұмысына салғырт қараған жағдайда кез келген тұрғын шағымдана алады.

«Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиаорталық» төрағасы осылай дейді. Төлеген Байғұловтың айтуынша, бұл ең алдымен жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың алдын алуға сеп. Осы мақсатта жоба жүзеге асырылмақ. Оның жұмысын қоғамдық ұйымдар бақылайды. Қазір келеңсіз жағдайда тап болған жағдайда қайда кімге хабарлауы керектігі жазылған парақшалар таратылды. Онда арнайы нөмір көрсетілген. Мемлекеттік орган өкілдері бұл бастаманы құп көріп отыр. Алдағы уақытта тізе қосып жұмыс істеуге ниетті екендіктерін жеткізді. Тың жоба алдымен пилоттық режимде Астанада жүзеге асырылады. Кейін еліміздің өзге өңірлерінде іске қосылуы тиіс. 

Төлеген Байғұлов, «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиаорталық» төрағасы:

- Ашылып жатқан бекеттер Астана қаласының кірістер департаменттерінеде ашылып жатыр. Ол 8 бекет болады. Ол Кеген посттарында, қалғандары аудандық кірістер басқармасында болады. Бір сұрақтар туындап жатса, дұрыс ақпарат ала алмай жатса, біздің мақсатымыз ос ыжерде бәрін шешу.

Осы категория бойынша: « Мәжіліс депутаты П.Казанцев Астанадағы Қаржы орталығының мамандарымен кездесті Маңғыстау облысында Басқұдық ауылына спорт кешені керек »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы