365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шығыс Қазақстанда цифрландыру жүйесі әртарапты дамып келеді

  • 380
  • UPD: 20:37, 13.07.2018

Өңірге жұмыс сапарымен келген Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев осылай деді.

Облыс және аудан әкімдерімен өткен жиында электронды үкімет, цифрландыру саясаты және мемлекеттік қызмет сапасын жоғарылатуға байланысты мәселелер қозғалды. Аймаққа цифрландыру саясатын енгізуде медицина саласы, әлеуметтік орындар мен халыққа қызмет көрсету орталықтарында ілгерілеу бар. Мәселен, ауруханаларда «цифрлық сауаттылық» орындары мен тегін-дәрі дәрмек алатындар үшін электронды дәріхана жұмыс істеп тұр. Агенттік төрағасы: «Елбасы бекіткен бұл бағдарлама бүкіл мемлекеттік қызмет құрылымын жетілдіреді», – дейді. 

Алик Шпекбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

- Цифрландыру бойынша бұл облыста үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Әсіресе әлеуметтік, денсаулық сақтау салаларында аталған жүйе  сауатты түрде енгізіліп жатқанынна көзім жетті. Жалпы «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы эконмика өсіміне ықпал етіп, мемлекеттік қызмет құрылымын барынша оңтайландыруға әсерін тигізеді.

Осы категория бойынша: « Маңғыстау облысында Басқұдық ауылына спорт кешені керек Елімізде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету 15 пайызға артқан »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы