374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отандық көліктерді сатып алушылар көбейді

  • 230
  • UPD: 21:12, 13.07.2018
Отандық көліктерді сатып алушылар көбейді

«ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы бірінші жартыжылдықты қорытындылап, жаңа жеңіл көліктер сатылымының өскендігі туралы хабарлады.

Жыл басынан бері 26 мыңға жуық көлік сатылып, өткен жылғы көрсеткіштен 37,8 пайызға жоғарылады. Қазақстандықтар жаңа темір тұлпар алу үшін жалпы 214 млрд 300 млн теңге жұмсаған. Өсім көрсеткіші 43 пайызға тең. Мәселен, өткен айда 5 мыңнан астам көлік сатылған. Осылайша нарық көлемі былтырғы кезеңмен салыстырғанда 50 пайызға өсіп, 49 млрд 100 млн теңгеге жетті. Өткізілген көліктердің шамамен 53 пайыз, яғни 13 752 техника импорт үлесін құрап отыр. Сатып алушылардың 47 пайызы, яғни 12 мыңнан астам азамат отандық өнімді таңдаған. Олар көбіне Алматы, Астана, Атырау, Ақтау, Қостанай, Қарағанды, Шымкент, Орал, Өскемен және Павлодар қалаларының тұрғындары.

Осы категория бойынша: « Астанада биыл 50 көшеге жол салынады Ақтөбеде Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері ұсталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы