374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау мұнай өңдеу зауытындағы апаттың себебі тексеріліп жатыр

  • 285
  • UPD: 21:55, 13.07.2018

Атырау мұнай өңдеу зауытында болған апатты жағдайдың себебін экологтар анықтауға кірісті.

Естеріңізіге сала кетейік, кеше жергілікті уақыт бойынша күндізгі сағат 3-тің шамасында мұнайды терең өңдеуге арналған кешеннің жұмысынан ақау шықты. Салдарынан ауаға зиянды қалдықтар тараған. Ақау азот өндіретін «К-6802 Атлас Капко» қондырғысында орын алған. Қоршаған ортаға келген залал мен оқыс оқиғаны құзырлы органдар тексеруге кірісті. Қазір қайта жарақтандырылып жатқан зауыт базасында мұнайды терең өңдеуге арналған 12 технологиялық қондырғының 9-ында сынақ жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қайратқали Қайролла, облыстық Экологиялық департамент басшысының орынбасары:

- Атырау мұнай өңдеу зауытында 3-фазаны қосу үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр. Котолитикалық крекинг қосу барысындағы артық газды ауаға шығару фактісі бар. Ол бойынша Экологиялық департамент тарапынан тексеру жұмыстары басталды. Дүйсенбіден бастап тексеріс болады. Ол жұмыс қорытындысымен сіздерді таныстырамыз.

Осы категория бойынша: « Ақтөбеде Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері ұсталды ҰҚК қызметкерлері төл мерекелерін атап өтіп жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы