374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында биыл шегірткеге қарсы 90 мың гектар жерге химиялық өңдеу жүргізілген

  • 185
Қостанай облысында биыл шегірткеге қарсы 90 мың гектар жерге химиялық өңдеу жүргізілген

Қостанай облысындағы егін алқаптары аумағының 76 пайызында астық шығымы жақсы.

Арнайы зерттеу жүргізген мамандар осындай баға беріп отыр. Қазіргі жағдайда орташа есеппен гектарынан 12-13 центнерден айналуы тиіс екенін айтады. Бірақ бұл болжам ғана. Ауа райы кедергі жасап, түрлі зиянкестердің бас көтермесіне кепілдік беру қиын. Облыс бойынша биыл шегірткеге қарсы 90 мың гектар жерге химиялық өңдеу жүргізілді. Астық жаулары пайда болуы мүмкін алқаптар бақылауға алынған. Ауыл шаруашылығы қызметкерлері бас қосқан жиында агротехникалық шараларды қатаң сақтау, егістікті әртартаптандыру аса маңызды екендігі нақты тәжірибеде көрсетілді.

Юрий Малышко, шаруашылық басшысы:

– Егер бір жылы бұршақ тұқымдас сояны ексем, оның тамыры топырақ құнарлығын арттырады. Екінші жылы ол танапты парға қалдырмай-ақ, бірден астық дақылдарын себемін. Бұл болашаққа емес, бірден нәтиже алуға жұмыс істейді. Бұршақ дақылдарын егу, парға қалдырғанмен бірдей.

Осы категория бойынша: « Павлодар облысында суармалы егіс алқаптарының көлемі артты Қостанайда пластик бөтелкелер қалдығынан түрлі өнім шығаратын кәсіпорын өндірісті кеңейтпек »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы