365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР СІМ: Ресейде жол апатынан мерт болған қазақстандық блогердің мүрдесі туыстарына берілді

  • 215
ҚР СІМ: Ресейде жол апатынан мерт болған қазақстандық блогердің мүрдесі туыстарына берілді inform.kz

Ресейде жол апатынан мерт болған қазақстандық блогердің мүрдесі туыстарына берілді.

Бұл жайында ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«РФ ІІМ Челябі облыстық бас басқармасы Омбы қаласындағы Қазақстан консульдығына ұсынған ақпаратқа сәйкес 2018 жылдың  6 шілдесі күні Челябі облысы Ашинск ауданында «Мәскеу-Челябі» автомобиль жолының 1593 шақырымында жеңіл және жүк көліктерінің соғысуы салдарынан Қазақстанның үш азаматы қаза тапты. Жеңіл көліктің жүргізушісі мен 2 жолаушысы жол-көлік оқиғасы орын алған жерде жарақаттан көз жұмды», – делінген таратылған ақпаратта. Жергілікті полиция мәліметінше, мына адамдар қаза тапқан: автомобиль жүргізушісі Магазов К.К., 14.05.1963 дүниеге келген, Килаж Д.К., 28.12.1999 жылы дүниеге келген, Уразбаев Д.И., 01.03.2000 дүниеге келген. «2018 жылдың 7 шілдесінде қаза тапқандардың мүрдесі туыстарына берілді. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша РФ ІІІМ Ашинск аудандық бөлімі бастығының орынбасарымен процессуалды тексеру жүргізіліп, нәтижесінде қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарылды», - деп атап өтеді ҚР СІМ баспасөз қызметінен. Бұған дейін хабарлағанымыздай, алдын ала мәліметке сәйкес жеңіл көлік жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан.

Ақпарат көзі: inform.kz

Осы категория бойынша: « Атырау облысында алдағы 4 жылда жатақхана мәселесі түбегейлі шешілмек Қызылордадағы 1901 жылдан бергі қолданыстағы көне сағат Ақмешіт музейінде сақтаулы »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы