365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысындағы Хан Тәңірі шыңына медиа-экспедиция аттанады

  • 253
Алматы облысындағы Хан Тәңірі шыңына медиа-экспедиция аттанады

Шілде айының 16 күні Алматы облысындағы ең биік тау шыңдарының бірі – Хан Тәңіріне медиа-экспедиция аттанады.

Экспедиция құрамында Әнуар Нұрпейісов, Айсұлу Әзімбаева сияқты еліміздің жас актерлары мен актрисалары да бар. Медиа-саяхатшылар бүгін Талдықорғандағы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында болып, бұл қадамдарын Астананың 20 жылдығына арнайтындарын айтты. «Адамзат тауды бағындыра алмайды. Дұрысы шыңға шығуға талпыныс жасайды. Біздің арманымыз – биіктігі 7010 метрлік Хан Тәңірінің ұшар басына шығу. Ол орындала ма, жоқ па, оны уақыт көрсетеді. 21 күнге созылатын медиа-жорыққа тыңғылықты дайындық жүргіздік. Сондықтан арманымызға қол жеткіземіз деген ойдамыз», – дейді экспедиция мүшелері.

Әнуар Нұрпейісов, экспедицияға қатысушы:

– Экспедиция сәтті өтеді деген үміттемін. Өйткені осы процесті сезіндіруді сөзбен жеткізе алмайсыз. Оны тек қана сезіну керек.

Осы категория бойынша: « Қызылорда облысында балық аулау көлемі 17 мың тоннаға жетуі мүмкін Талдықорғанда Мемлекеттік басқару академиясының филиалы ашылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы