374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорғанда Мемлекеттік басқару академиясының филиалы ашылды

  • 330
  • UPD: 21:42, 14.07.2018

Талдықорғанда ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының филиалы ашылды.

Оқу орны соңғы үлгідегі заманауи технологиялармен жабдықталған. Ондағы сабақ процесі толығымен «Цифрлық Академияға» негізделеді. Биыл мұнда 1200 мемлекеттік қызметкер білім алады деп жоспарланған.

«Қазір елімізде жаңашыл мамандарды, қоғамның жегі құрты саналатын жемқорлықтан бойын аулақ ұстайтын азаматтар мен азаматшаларды дайындау жұмыстары қызу жүріп жатыр», - деді мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев. Ведомство басшысы сонымен қатар жергілікті кәсіпкерлермен және осы өңірде жұмыс істеп жатқан шетелдік бизнес-компаниялардың өкілдерімен кездесті. Алматы облысындағы шетелдік инвесторлармен кездесуінде жобаларды жүзеге асыру барысында жемқорлыққа жол бермеу туралы келісімге қол қойылды.

Алик Шпекбаев, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

- Біз бүгінде жергілікті бизнес қауымдастықпен бірге шетелдік инвесторларды да қорғауға мүдделіміз. Өйткені солардың ықпалымен өндіріске жаңа технологиялар енгізіліп, елімізде көптеген жұмыс орындары ашылып жатыр. Инфрақұрылым дамуда. Сондықтан біз оларды барынша қорғаймыз. Ал шетелдік компаниялар өз кезегінде бизнесті таза жүргізуге міндеттеме алуы тиіс.

Осы категория бойынша: « Алматы облысындағы Хан Тәңірі шыңына медиа-экспедиция аттанады Қазақ-өзбек әскери ынтымақтастығы арта түседі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы