365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасы тоқтап тұр

  • 187
  • UPD: 11:37, 15.07.2018

Шығыс Қазақстан облысында 2011 жылдан бері терможаңғырту бағдарламасына  республикалық бюджеттен 2 миллиард 500 млн теңге бөлінген.

Нәтижесінде 268 көпқабатты үй жөнделген. Алайда бүгінге дейін жұмсалған қаржының тең жартысы ғана қайтарылған. Ал аймақта былтырдан бері жиырмаға жуық үйге жөндеу басталғанымен, қаржы тапшылығынан әлі аяқталмай отыр.

Терможаңғырту. Бұл бағдарламаның арқасында соңғы 5-6 жылда талай үй жаңғырды. Өскемендегі көпқабатты баспаналардың 70 пайызы тозып тұр. Бір үйді жөндеу үшін аз дегенде 20 миллион теңге қажет. Мұндай қаржыны тұрғындар бір жолда тауып бере алмайды.

Римма Еремина, зейнеткер:

– Біз сияқты зейнеткерлерге жөндеуге шыққан қаржыны бірден төлеу қиын. Ал ай сайын бөліп беруге жағдайымыз келеді. Сондықтан бұл бағдарлама біз үшін өте тиімді.

1958 жылы салынған үй бүгінге дейін бірде-бір рет жөнделмеген. Жаңғырту бағдарламасына екі жыл бұрын енген. Алайда қаржы тапшылығынан жөндеу жұмысы енді қолға алынбақ.

Жобаны қыржыландыру 2016 жылдан бері жергілікті бюджетке берілген. Алайда соңғы екі жылда 35 миллион теңге ғана бөлінген. Бұл қаржы 2 үйді жаңғыртуға жеткен.

Тимур Әнтаев, облыстық тұрғын үйді пайдалану басқармасының басшысы:

– Жергілікті бюджеттен қаржы негізі бөлінуі тиіс. Бірақ қазір бұл бағдарлама айтарлықтай қолдау таппай отыр. Алдағы тамыз айында маслихат сессиясы болады.Сол кезде қарастырамыз деді. Өйткені бұл «Терможаңғыру» бағдарламасы тоқтап қалмауы керек.

Өңірде «Терможаңғыру» бағдарламасымен жөнделген үйлерге жұмсалған қаржының жартысы ғана қайтарылған. Тұрғындардың көбі бапаналары жаңарған соң есептесуге құлықсыз. Бірақ оған қарамастан, құрылыс компаниялары бастапқыда өз қаражаттарын салып жатыр. Жыл соңына дейін 19 көпқабатты үй жөнделмек.

Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин, Роман Родионов

Осы категория бойынша: « Астана аумағында шомылуға тыйым салынған 10 аймақ бар Баянауыл халқы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығын атап өтуде »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы