364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысындағы жатақхана құрылысы қаржы тапшылығынан тоқтап тұр

  • 161
  • UPD: 13:44, 15.07.2018

Ертіс өңіріндегі жоғары оқу орындарының жатақхана тапшылығы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бағдарламасы аясында шешілмек.

Аймақтағы ірі оқу ордалары Елбасының бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру мақсатында Жол картасын әзірлеген. Мәселен, Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік унивреситетінде 7 мың студент білім алады. Оның қарамағында 860 орындық екі жатақхана бар. Десе де, әлі мың шәкірт кезекте тұр. Тапшылықты жою мақсатында 500 орындық жатақхана салу туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта мемлекеттік сараптамадан өту шаралары жүргізіліп жатыр. Болашақ нысанның орны дайын. Қаржылық жағы шешілсе болғаны. Айта кетейік, өңірде келешекте 9 жатақхана салу көзделуде. Басымдық жұмысшы мамандықтарды даярлайтын.. колледждерге берілмек.

Ертарғын Шахман, С.Торайғыров атындағы ПМУ әкімшілік-шаруашылық жұмыс жөніндегі проректоры:

– Нысанның эскизді жобасы дайын. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу процедуралары жүргізіліп жатыр. Тамыз айында аяқталады деп күтілуде. Қаржы жағынан қолдау әзірге жоқ. Инвесторларды іздестіріп жатырмыз. Қаржы болса, құрылысты бастап кетер едік.

Осы категория бойынша: « Баянауыл халқы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығын атап өтуде Ақтөбеде 5 шақырымдық жылу құбыры жаңартылады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы