370,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде 5 шақырымдық жылу құбыры жаңартылады

  • 168
  • UPD: 13:45, 15.07.2018

Биыл Ақтөбеде 5 шақырымға жуық жылу құбыры жаңартылады.

Коммуналдық кәсіпорын жылыту маусымына қызу дайындыққа кірісіп кетті. Бұл мақсатта монополист мекеме 1 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлген. Жалпы шаһардағы жүйелердің 60 пайызы ескірген. Ағымдағы жылы 10 нысанды жаңалау көзделген. Оның үшеуінде жұмыстар аяқталды. Жаңа құбырлардың қызмет көрсету мерзімі де бұрынғысынан ұзақ.

Жанболат Сарманов, жылу тарату мекемесі №2 жүйелік ауданының басшысы:

– Құбырларды, жылу жүйелерін жаңа технологиялармен жабдықталуда. Және жылдам хабар беру жүйесімен жабдықталған трубалар салынып жатыр. Бұл құбырлардың қызмет көрсету уақыты ұзарады. Және жылу жоғалу қасиеті азаяды.

Осы категория бойынша: « Павлодар облысындағы жатақхана құрылысы қаржы тапшылығынан тоқтап тұр ШҚО-да Ә.Қашаубаевтың 130 жылдығы атап өтілді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы