365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде аллергиялық ауруға шалдыққандар саны артты

  • 167
  • UPD: 22:53, 15.07.2018
Ақтөбеде аллергиялық ауруға шалдыққандар саны артты

Ақтөбеде ағзаның тітіркенуі немесе аллергияға шалдыққандар санының артуы байқалады.

Өңірдегі әрбір үшінші тұрғын осы маусымдық дерттен қиындық көреді. Дәрігерлер «күніне 50-ге жуық азаматты қабылдаймыз» дейді. Негізінен ағзаның тітіркенуіне ауа райы мен қоршаған орта әсер етеді. Ал дертке алғаш шалдыққан адамдар «салқын тиген» деп, елемей жүріп, асқындырып алады. Ақтөбедегі аллергоорталық 16 орынға шақталған. Бұл жерде ем қабылдау ақысыз және заманауи үлгідегі әдістермен жүргізіледі. Дәрігерлер балалар да түрлі азық-түліктен аллергияға ұшырап, онысын асқындырып алатынын айтады.

Светлана Есекеева, аллергология бөлімінің меңгерушісі:

- Ем қабылдауға бізге айына шамамен 80 азамат келеді. Олардың барлығы орта және ауыр деңгейлі деп саналады. Тыныс демікпесіне шалдыққандар бірінші кезекте және терінің қабынуы, дәрі-дәрмекке ағзаның тітіркенуі көптеп кездесіп отыр.

Осы категория бойынша: « Ақтөбеде экологиялық зиянсыз дорба шығаратын цех ашылды Павлодар көшелерін су басты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы