365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысында сотталғандардың 81 пайызы түрлі кәсіппен айналысады

  • 136
  • UPD: 07:44, 16.07.2018
Қызылорда облысында сотталғандардың 81 пайызы түрлі кәсіппен айналысады

Қызылорда облысы бойынша 600-ден астам жазасын өтеушінің жартысы жұмысқа жарамды.

Қазіргі таңда олардың 81 пайызы түзеу мекемесінде түрлі кәсіппен айналысады. «ЗК-169/5» қатаң режимдегі колониясының тігіншілері жергілікті нарыққа аяқ киім өнімдерін шығарды. Таза былғарыдан тігілген балаларға арналған аяқ-киімдерді жаңа оқу жылына дайындықты бастаған оқушылар алып жатыр. Жалпы түзеу мекемесінде 9 цех бар. Арнайы киімдерден бөлек мұнда күніне 10 мың дана кірпіш және 50 шаршы метр тас төсеніштер өндіріледі. Сондай-ақ жергілікті тұрғындар тарапынан түрлі кәдесый, шахмат, дойбы, музыкалық аспаптарға деген сұраныс жоғары. Өнімдер зертханада сынамадан өткізіліп, сапасына кепілдік беріледі. Өндіріс ошақтарында орташа еңбекақы 28 мың теңгені құрайды. Ағымдағы жылдың алғашқы алты айында жалпы сомасы 32 млн теңге пайда түсті.

Жүніс Әбдіқайыров, ҚАЖД басшысының орынбасары:

- 169/5 мекемесі жанында кешкі мектеп есебінен ашылған политехникалық колледждің филиалы бар. 2017-18 жылдары бағдарламаға сәйкес 37 сотталған оқуды бітіріп, диплом алды. Қазіргі таңда 2018-19 жылдары тағы қосымша тігінші мамандығын оқытуға байланысты жоспарға енгізілді.

Осы категория бойынша: « Ақтауда тұрмыстық жәбір көрген жанға қолдау бар Ақмолалық кәсіпкерлер ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы