365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде әскери мамандықтар қатары толықты

  • 295
  • UPD: 13:26, 16.07.2018
Елімізде әскери мамандықтар қатары толықты

Еліміздегі әскери оқу орындарында киберқауіпсіздікке жауапты мамандар дайындалатын болады.

Бұған дейін бұл кәсіп тек 7 оқу орнында оқытылып келген. Білім және ғылым министрлігі енді осы салаға бөлінетін грант санын 500-ге жеткізуді көздеп отыр. 4 сатылы іріктеуден өтетін үміткерлерге қойылатын талап күшті. Оған қоса аударма ісі, гео-ақпараттық технология сынды мамандықтар бойынша қыздарды оқыту жоспарланған. Кейін түлектер Қарулы күштер қатарында қызмет ететін болады. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын кешенді орындау мақсатында қолға алынған бастама арқылы әскери кадрларды даярлаудың ұлттық жүйесін нығайту көзделген. 

Осы категория бойынша: « Қапшағайда 6 адам суға кетті Павлодарда жауынның салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы