366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда жауынның салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр

  • 178
  • UPD: 15:34, 16.07.2018

Табиғаттың тосын мінезінен жарық та сөніп қалған.

Бірақ бірнеше сағаттаң соң қайта қалпына келтірілді. Синоптиктердің айтуынша, шаһарға ылғалдың айлық мөлшері түскен. Екі сағат бойы толассыз жауған жаңбыр қала көшелері мен үй аулаларын суға толтырды. Жекеменшік сектордың тұрғындары барлық шаруашылық нысандарына зақым келгенін айтады. Әсіресе екінші Павлодар аумағындағы жағдай күрделі. Асфальт төселіп жатқан Целинная көшесімен жаяу адам түгілі, көлікпен өтудің өзі қиынға соғып тұр. Тұрғындар кешелі бері үй ауласына жиналған суды шығарумен айналысып жатыр. 

Татьяна Гебель, қала тұрғыны:

- Тобықтан асқан жаңбыр суы үйге кіруге шақ қалды. Жазғы асүй, монша мен бақшаны басқан судың деңгейі 20 см-ге жетті. Ауладағы заттардың бәрі қалқып жүрді. Өзен тасығандай күй кештік. Мұндай қатты нөсерді бірінші рет көріп тұрмыз.

Хабар 24 телеарнасы