370,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да үздік тауарлар анықталды

  • 189
  • UPD: 15:51, 16.07.2018

«Қазақстанның үздік тауары» атты өңірлік байқауға 30-дан аса батысқазақстандық тауар өндіруші қатысты.

Көрмеге келген көпшілік жергілікті өнімдермен жіті танысуға мүмкіндік алды. Жиналғандардың назарына Оралда өндірілетін тәтті тағамдардан бастап мұнай-газ жабдықтарына дейін ұсынылды. Өңірде соңғы жылда өңдеу өнеркәсібі саласындағы өндіріс көлемі 17 пайызға артқан. Оның басым бөлігі азық-түлік тауарлары. Былтыр шағын және орта кәсіпкерлік нысандары 1 жарым триллион теңгенің өнімін өндірген. Ал осы салада экономикалық белсенді тұрғындардың үштен бірі жұмыспен қамтылған. Байқау қорытындысында үш аталым бойынша үздік тауарлар анықталып, марапатталды.

Жұлдыз Құспанова, кәсіпкер:

- Өте маңызды. Бүкіл ел, бүкіл оралдықтар біздің жұмысымызды көрді, сапа артып, басқа өнімдер шығарып жатырмыз. Соны көрсетейін деп жыл сайын осы көрмеге қатысып жүрміз.

Сәкен Карин, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының БҚО филиалы директоры:

- Ұтқан жеңімпаздар республикалық конкурсқа қатысады. Ең маңыздысы, осындай байқаулар үстінде бір-бірімен танысып, өзінің тауарларын көрсетіп, өз өнімдерін көрсетеді. Келесі жылы байқау кеңейеді, үлкейеді деп үміттенеміз.  

Осы категория бойынша: « Павлодарда жауынның салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр Ресейдің Түмен облысында қазақтардың ХХІІ құрылтайы өтті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы