370,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейдің Түмен облысында қазақтардың ХХІІ құрылтайы өтті

  • 189
  • UPD: 15:52, 16.07.2018

Көрші елде тұратын қандастарымыз бұл жолы Голышманово елді мекенінде бас қосып, дүбірлі той-думан ұйымдастырды.

Дәстүрлі мерекеде қазақ халқының салт-дәстүрі дәріптеліп, әдет-ғұрпы әспеттелді. Алқалы жиынға Қазақстаннан да арнайы делегация барды. Жылына бір рет өтетін құрылтайға 5 мыңнан астам адам қатысты. Жер-жерден жиналған жұрт бір-бірімен көрісіп, арқа-жарқа болды. Ашық аспан астында ондаған киіз үй тігіліп, ән мен жырдан шашу шашылды. Шараның көрігін ұлттық ойындар қыздырды. Жауырыны жерге тимеген балуандар боз кілемде күш сынасса, шабандоздар даланы дүбірге бөледі.

Есенғали Ыбыраев, РФ, Түмен облысы қазақтары ұлттық-мәдени автономиясының президенті:
- Биыл құрылтай екінші айналымға шықты. Өйткені ең бірінші мереке осы Голышманово елді мекенінде өткен. Бұл ауданда қазақ көп, шамамен 1 мың 300 адам тұрады. Той-думан Қазақстан мен Ресей елдерінің ынтымақтастығы аясында ұйымдастырылады.

Осы категория бойынша: « БҚО-да үздік тауарлар анықталды Өскеменде жылан жайлаған аудан тұрғындары алаңдаулы »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы