365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау көк түтіннің құрсауында қалды

  • 355
  • UPD: 23:21, 16.07.2018

Бүгін кешкі сегіз шамасында Атырау қаласы көк түтіннің құрсауында қалды.

Түтіннің қою болғаны соншалық, 150-200 метр қашықтықтағы ғимараттар көрінбей қалды. Әзірге белгілісі, теңіз жағалауындағы қамысты алқапты өрт шалған. Бүгін Атырауда ауа температурасы 43-45 градусқа дейін жеткен болатын. Оның үстіне күндіз секундына 10-15 метр жылдамдықпен тынымсыз соққан жел де өрттің лаулай түсуіне негіз болған сияқты. Жалпы дала өрті жылда көктемгі мезгілде ғана болатын. Ал жаз ортасындағы алапат өрт алғаш тіркеліп отыр. Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қазір от шалған «Ақжайық» табиғи резерватының аумағына арнайы техникалар жөнелтілді. Бірақ қанша аумақтың жанып жатқаны әлі белгісіз. Ең бастысы, жақын маңдағы ауыл тұрғындарына қауіп-қатер жоқ.

Осы категория бойынша: « ҚР АШМ Қарағанды облысында жаңа форматта жиын өткізді Елімізде жыл басынан 1600-ден астам адам жүргізуші куәлігін онлайн түрде ауыстырған »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы