374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде су тасқынынан зардап шеккен 20 отбасы баспанасыз жүр

  • 206
  • UPD: 10:21, 17.07.2018

Семейде су тасқынынан зардап шеккен 70 адам әлі күнге баспанасыз босып жүр.

Естеріңізге сала кетейік, биыл наурыз айында Ертіс өзенінің арнасы күрт көтеріліп, екі шағынаудан мен саяжай аумағы су астында қалған болатын. Апатқа ұшыраған тұрғындарға осы уақытқа дейін 100 млн теңге көмек көрсетілді. Зардап шеккен отбасылар жақын күндері қаладағы колледждердің бірінің жатақханасына орналастырылмақ. Ал олардың баспаналарына жөндеу жүргізіліп жатыр. Барлық жұмысты тамыз айында аяқтау жоспарланған. Әйтсе де қалпына келтіруге келмейтін нысандар да бар. Мәселен, Дархан Мақашевтың үй-жайын тасқын түгел шайып өткен. Жергілікті билік бұл отбасын жаңа баспана салу үшін құрылыс материалдарымен қамтамасыз етіп отыр. Бірақ отбасы мүшелерінің жұмысбасты болуына байланысты мәселе әлі шешімін тапқан жоқ.

Дархан Мақашев, қала тұрғыны:

- Материал бөлді. Біз бұзып тастадық. Жанына үй саламыз деп ойладық. Бірақ үй салатындай емес, бәрі жұмыста.

Мирас Сұлтанбеков, қалалық әкімдіктің бас инспекторы:

- Қазір жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Айталық, Бовров елді мекеніндегі құрылыс 30 пайызға орындалды. 1 тамызға дейін жұмыстарды толық аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Осы категория бойынша: « Бизнеске жан-жақты қолдау көрсетіледі СҚО-да Ньюкасл ауруынан 1500 құс қырылып қалды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы