366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысының табиғи резерватындағы өрт сөндірілді

  • 189
  • UPD: 10:34, 17.07.2018
Атырау облысының табиғи резерватындағы өрт сөндірілді Informburo.kz

Кеше кешкісін Атырау қаласын басқан қалың түтін түн ортасында сейілді.

Аптап ыстықтың салдарынан орын алған өрттен «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерватына қарасты 15 гектар жердің қамысы жанып кетті. Қазір оттың негізгі ошақтары сөндірілді. Тек көлік бара алмайтын Каспий теңізіне таяу батпақтарда әлі де өшірілмеген тұстары бар. Өртті ауыздықтауға қорық қызметкерлерімен бірге Төтенше жағдайлар департаментінен 25 адам мен 5 арнайы көлік жұмылдырылды. Қазір 2 өрт сөндіру бригадасы оқиға орнында кезекшілікте.

Хабар 24 телеарнасы