374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысының төрт ауылы ауызсусыз отыр

  • 252
  • UPD: 12:33, 17.07.2018

Түркістан облысының Қазығұрт ауданындағы 4 ауылдың халқы таза ауызсусыз күн кешуде.

10 күн бойына тіршілік нәрін татпаған тұрғындар аптап ыстықта қаталап отырғандарын айтады. Жылдар бойы ағып тұрған судың ауылға неліктен келмей жатқандығын жауапты «Таза су» мемлекеттік мекемесі де анықтай алмай дал.

Бұл – Қазығұрттағы Еңбекші елді мекені. Мұнда 200-ден аса түтін бар. Халқы 1500 мыңнан асып жығылады. Ауылға 2011 жылы «Ақбұлақ» бағдарламасымен таза ауыз тартылған болатын. Содан бері есігінің алдында суы сарылдаған халық 10 күннің жүзі болды ауызсудың азабын тартып отыр.

Еңбекші елді мекені бұрыннан шөлді ауыл санатына жататын. Бір кездері су келіп, халық қатты қуанған. Бірақ та бұл қуаныш көпке созыла қоймады. Он күннен бері таза сусыз қалған халық мынадай лас су ішуге мәжбүр.

Таза ауызсу мәселесі тек Еңбекші де ғана емес көрші Қызылдала, Шанақ, Ақжар ауылдарында да орын алып отыр. «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» демекші, негізгі су мәселесі Қарақияда болып тұр», – дейді еңбекшіліктер. Аталған төрт ауылға баратын таза су осы Қарақия елді мекенінен өтеді. Ал мұндағы жергілікті халық құбырды таспен бекітіп, су бермеу әрекетіне көшкен. Ақбура әулие бұлағынан таралатын суға тартыс көп.

Бекжан Найманбаев, Еңбекші ауылының тұрғыны:

- Қарақия суды бұрып алады. Халықтың не кінәсі бар? Келген суға ақшасын төлеп тұр. Бастапқыда тәулік бойы ағып тұрған су еді. 2-3 жыл дұрыс жасады да, енді алға қарай жылжудың орнына артқа қарай кетіп бара жатыр.

Қадірбек Кәтжанов, Қызылдала ауылының тұрғыны:

- Біздің экологиямыз ыстық. Сусыз өмір сүріп жатырмыз. Шомылдыру қалды балдарды.

Аудандағы тұрғындар тұтынатын суға жауапты мемлекеттік мекеме «Таза су» қазір ауылдарға не себепті судың келмеуін анықтауға көшкен. Олар жер асты арқылы өтетін 13 шақырымдық құбырды әр он метр сайын ашып көріп, жұмыс жүргізуде. Шенділер алдағы екі-үш күнде судың себеп-салдары толық анықталып, таза су қаталаған халыққа жетеді деп сендірді.

Сейітқали Сапарәлиев, Қазығұрт аудандық «Таза су» КММ директоры:

- Еңбекші ауылына су бармай, соның тапшылығы болып отыр. Бір ақау болып, су бітеліп, соны таппай жатырмыз. Құбырдың ортасында тас тұруы мүмкін. Балдыр деген шөп бар, сол тұруы мүмкін. Соны анықтап, 2-3 күнде қосамыз деп отырмыз. Оған дейін суды көлікпен тасымалдап, елге жеткізіп береміз.

Қазіргі таңда Қазығұрт ауданының 13 ауылы таза ауызсуға зәру. «Оның 10 елді мекеніне сметалық құжаттары жасалып, қазына қаржысының бөлінуін күтуде», – дейді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміндегілер.

Қазір ғана ауыл тұрғындарынан жеткен ақжолтай жаңалық бар. Біздің арнаның тілшілері көтерген таза ауызсу мәселесінен соң, бірден іске кіріскен Қазығұрт ауданының жауапты мамандары құбырдағы ақауды анықтап, халыққа су бере бастады.Тіршілік нәріне қолы жеткен Еңбекші, Шанақ, Қызылдала және Ақжар ауылының халқы «Хабар 24» арнасына алғысын айтып жатыр. Десек те ауданда халықты таза ауызсумен қамту мәселесі 100 пайызға шешілмеген. Әзірге шешімін тапқан тек осы бір ауыл ғана.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Ерболат Әбіш, Нұрмахан Бекмұратов

Осы категория бойынша: « Атырау облысының табиғи резерватындағы өрт сөндірілді Арал маңындағы Қамбашта туризм аймағы құрылады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы