374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бақытжан Сағынтаев дәрі-дәрмектер қажеттілігін жоспарлауды ретке келтіруді тапсырды

  • 329
  • UPD: 20:45, 17.07.2018

Қазына қаржысына алынған дәрі-дәрмектер қоймаларда тұр.

Өңірлер қажет дәрілердің санын нақты білмейді. Сондықтан артығымен алып, кәдеге жарата алмай отыр. Есесіне мемлекет қаржысы жөн-жосықсыз жұмсалған. Бүгін министрлер кабинетін жинаған Үкімет басышысы Бақытжан Сағынтаев осы мәселеге қатысты әр облыс басшысынан есеп алды. Соңғы деректер бойынша, бір ғана Қызылорда мен Маңғыстау облысы тапсырыс берген дәрі-дәрмектің 50 пайызын ғана таратқан. Ал Денсаулық сақтау министрінің мәлімдеуінше, дәріден тапшылық болмайды және әр облыс бойынша нақты есеп жүргізіледі.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

– Бүкіл ақпараттық жүйелерді біз қазір интеграция жасап, әр өңірде қандай дәрі жеткізілгенін, пациенттерге берілген дәрілерді көріп отырмыз. Бірақ кейбір өңірлерде берілмеген дәрі-дәрмектің саны өте жоғары. Осыған байланысты қысқа мерзімде дәрілік заттардың нақты қалдықтары мен дәрілік қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесін салыстыру қажет.

Осы категория бойынша: « Елімізде жедел жәрдем қызметінің орташа жету уақыты 7 минутқа қысқарды Мемлекеттік хатшы «Айбын» әскери-патриоттық жиынының ашылу рәсіміне қатысты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы