365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада электр энергиясының шығыны 60 пайызға азайған

  • 193
  • UPD: 23:08, 17.07.2018

«Smart City» жобасы еліміздің барлық өңірлерін қамтып отыр.

Бұл туралы бүгін Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Үкімет отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, әр облыста цифрландыру кеңселері құрылды. Қазіргі таңда цифрландыру үдерісі бүкіл қоғамға әсер етіп, ел дамуына сүбелі үлес қосып отыр.

Білім беру, медицина, мемлекеттік қызмет көрсетулер. Қазір электронды технология барлық саланы қамтиды. 2017 жылы бастау алған жоба да оған тікелей әсерін тигізді. Әр өңірде цифрландыру кеңсесі бар. Ондағы жұмысты үйлестіретін орталық штабтар да құрылды. Нәтиже жоқ емес.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

– «Ақылды» қалалар жобасын жүзеге асыру бойынша бірнеше мысал келтіре кетейін. Павлодар облысында білім онлайн журналы мен күнделіктерді іске қосу арқылы оқушылардың оқу үлгерімі 3 пайызға өсті. Шығыс Қазақстан облысынан тыс орналасқан 67 дәрігерлік амбулаторияларда және фельдшерлік акушерлік орындарды интернет желісіне қосудың арқасында халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасы 93 пайызға артқан.

Смарт технологияларды енгізу арқасында кез келген қызмет көрсету уақыты қысқарады. Сондай-ақ оған кететін шығын мен ресурс көлемін азайту мүмкін болып отыр. Мәселен, Батыс Қазақстанда жедел жәрдем қызметкерлері бұрынғыдан тез жетеді. Ал Астанада электр энергиясының шығындары 60 пайызға азайды. Бірақ Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мұнымен тоқтап қалмайды.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

– Әлемдік тәжірибеге сәйкес, келесі кезеңдерден күтілетін әсерлер қоқыстарды жою шығындарын 25 пайыз азайту, ресурстарды 15 пайызға үнемдеу, адам шығымын 40 пайызға дейін төмендету күтіліп отыр.

Жаңа технологиялар жергілікті ақтарушы органдар мен халық арасында байланыс орнатуға да септігін тигізді. Мәселен, сала мамандары бұл мақсатта жаңадан 20 мобильді қосымша ойлап тапты. Ведомство басшының айтуынша, цифрландыру үдерісінің дамуы отандық кәсіпкерлер арасындағы бәсекелестікті де арттырды. Бағдарлама жүзеге асқаннан бері олар 22 түрлі медициналық ақапарттық жүйені қолданысқа енгізді.

Авторлары: Дариға Ташенова, Ғани Алшымбаев

Осы категория бойынша: « Жамбыл облысында «Ерік дала» әскери оқу-жаттығуы өтті Жыл басынан елімізде есірткінің заңсыз айналымы бойынша 250-ден астам факті тіркелген »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы