374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде тасқын судан үйлері зақымданған отбасылар баспаналарына орала алады

  • 177
  • UPD: 19:23, 17.07.2018
Семейде тасқын судан үйлері зақымданған отбасылар баспаналарына орала алады

Семейде эвакуациялық бекеттерде уақытша тұрып жатқан 70 адам өз үйлеріне орала алады.

Бұл туралы бүгін қала әкімі Ермак Сәлімов мәлімдеді. Шаһар басшысының айтуынша, су тасқынынан зардап шеккен баспаналардың біразы бүгінде толық жөнделген. Қалыпқа келтіру жұмыстарына 285 млн теңге қаржы бөлініпті. Ал кей отбасы үйлерін өздері жөндеп алған. Естеріңізге сала кетейік, биыл наурыз айының соңында Ертіс өзені арнасынан асып, жағалауға жақын орналасқан екі бірдей мөлтек аудан мен саяжайлар су астында қалып, 200-ден астам баспана бүлінген еді. Ал үйлері қираған отбасылар қазір жатақханалар мен қонақүйлерді паналап жүр.

Ермак Сәлімов, қала әкімі:

– Біз қазір әр отбасының жағдайын қарап шығамыз. Жұмыстары бітсе, үйлеріне баруды сұраймыз. Ал әлі де қиын жағдайдағы отбасыларды өз қарауымызда ұстаймыз.

Осы категория бойынша: « Синоптиктер: Оңтүстіктегі аптап ыстық шілденің екінші жартысында да сақталады «Сарбаз» шекара кемесі достық сапармен Дағыстанға аттанды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы